Байқауды өткізудің басты идеясы — музыка өнері саласындағы дарынды балаларды анықтау, жас орындаушылардың орындаушылық шеберлігін арттыру және шығармашылық әлеуетін дамыту, Қазақстанда ұлттық мәдениетті дамытуды белсендіру, әлемдік және отандық мәдениеттің ең үздік үлгілерін насихаттау болып табылады.
Жас орындаушылар сайысына Ресей, Өзбекстан, Қазақстанның түпкі-түпкірінен келген 10-16 жас аралығындағы оқушылар мына аталымдар бойынша қатысады: баян — аккордеон, шекті ысқылы халық аспаптары, шекті шертпелі халық аспаптары.
Байқауға қатысушыларды Ресейден келген классикалық музыка саласындағы білікті мамандар, мәдениет және өнер саласына еңбек сіңірген қайраткерлерден құралған oтандық қазылар алқасы анықтайды.
Байқаудың маңыздылығы ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталған жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Қазақстанның жоғары музыкалық оқу орындарына түсу кезінде білім беру гранттарын тағайындауда басым құқық берілетінін атап өтеміз.
Конкурстың салтанатты ашылуы 2013 жылы 10 желтоқсанда сағат 10.00-де Қазақ ұлттық өнер университетінің Орган залында өтеді.
Лауреаттарды марапаттау 2013 жылы 13 желтоқсан күні сағат 11.30-да Қазақ Ұлттық өнер университетінің Орган залында өтеді.