Бүгін Астанада ХІ дельфийлік ойындар басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Астанада ХІ дельфийлік ойындар басталды

Бүгін Астанада ХІ дельфийлік ойындар басталды

Астанада 10-12 маусым аралығында «Елдік - бірлікте!» ұранымен дельфийлік ойындар өтеді, деп хабарлайды astana.kz

  • 10 Маусым 2015
  • 548
Фото - Caravan.kz


Дельфийлік ойындар дарынды шығармашыл жастарды анықтауға және оларға қолдау көрсетуге бағытталған. Өнердің жоғары форумы ретінде бұл ойындар идеясы еліміздің мәдени мұрасын көбейтіп, сақтай отырып, жастарды толеранттылық пен ұлтаралық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу болып табылады.
Биыл өнер додасы фортепиано, скрипка, ұлттық аспаптар: домбра, қылқобыз, прима-қобыз, халық биі, заманауи би, эстрадалық ән салу, академиялық ән салу, дәстүрлі ән салу, қысқаметражды фильм және бейнеролик, фотосурет, бейнелеу өнері, театр және киім дизайны секілді 15 номинация бойынша өтеді.
Дельфийлік ойындардың жабылу салтанаты 12 маусымда сағат 17.00-де Қазақ ұлттық өнер университетінде Жамбыл Жабаев атындағы концерт залында ұйымдастырылады.

Перейти к новостям спорта