Бүгін Астанада көлік қозғалысы шектеледі - kaz.caravan.kz
  • $ 519.55
  • 596.03
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Астанада көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін Астанада көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін Астанада түске дейін көлік қозғалысы шектеледі. Осыған байланысты қала әкімдігі машина жүруге болмайтын көшелердің тізімін жариялады.  

  • 4 Мамыр 2017
  • 404
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы хабарлады. 

4 мамыр күні сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін әскери шеруге дайындық кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мына көшелерде көлік қозғалысы шектеледі:

— 40-шы станциядан Байырқұм көшесіне дейін, Қошқарбаев көшесіндегі көпір астына дейін;

— Қошқарбаев көшесіндегі көпір астынан Б.Момышұлы даңғылына дейін

— Тәуелсіздік даңғылы Б.Майлин көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін (мектеп);

— Ш.Қалдаяқов көшесі М3 көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;

— Нәжімеденов көшесі Ш.Қалдаяқов көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;


— Байтұрсынов көшесі Қошқарбаев көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;

— Қошқарбаев көшесі Б.Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін;

— Б.Момышұлы даңғылы Сәтбаев көшесінен Дарабоз көшесіне дейін.

Көлік жүргізушілерін кептеліс жағдайларына жол бермеу мақсатында қозғалыстың қолайлы маршрутын таңдауды сұраймыз.