Бүгін Астанадағы Жастар сарайында Халықаралық театр фестивалі ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Астанадағы Жастар сарайында Халықаралық театр фестивалі ашылады

Бүгін Астанадағы Жастар сарайында Халықаралық театр фестивалі ашылады

Бүгін 12:00-де Астанадағы Жастар сарайында "Сахнадан сәлем" Халықаралық театр фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық-драмалық театрының көркемдік жетекшісі Болат Ұзақов айтты. 

  • 1 Шiлде 2014
  • 420
Фото - Caravan.kz


"Биылғы фестивальдің ерекшелігі — халықаралық деңгейге көтеріліп, шетелдік театрлардың шақырылуы. Сонымен қатар, шетелдік сарапшылар мен сыншылар да келіп отыр. Бұл осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған фестиваліміздің деңгейі көтеріліп келе жатқанының белгісі, — деп атап өтті ол.

Көркемдік жетекшінің айтуынша, биылғы фестивальге қатысатын театрлардың жалпы саны — 13. Олардың ішінде Дағыстан мен Түркиядан да театрлар бар. Астанадан 4 театр қатысады, оның біреуі — қуыршақ театры. Қалған 9 театр еліміздің өңірлерінен келеді.

"Астана қонақтары мен тұрғындары 1-6 шілде аралығында аталған театрлардың өнерін тамашалай алады. Қуыршақ театрлары әр күні сағат 11:00- де басталса, драма театрлардың қойылымдары 16:00 және 19:00-да басталады. Ал шілденің 6-сында фестивальдің салтанатты жабылуы өтеді", — деді Б. Ұзақов.

Перейти к новостям спорта