Бүгін Әзірбайжан Республикасының ұлттық мейрамы - Ұлттық құтқару күні
Бүгін Әзірбайжан Республикасының ұлттық мейрамы - Ұлттық құтқару күні. |
Гейдар Әлиевтің билік басына қайта келуі құрметіне орай, ел Парламентінің 1997 жылғы 27 маусымдағы шешімі бойынша жыл сайын атап өтіледі. Әзірбайжан - Кавказдың оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения, Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Астанасы - Баку қаласы. Ресми тілі - әзірбайжан тілі. Ақша бірлігі - манат. Мемлекет басшысы - Президент. Жоғары атқарушы органы - Үкімет. Жоғары заң шығарушы органы - Тұрақты парламент.
Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 27-сінде орнатылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін