Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік «Экспресс-АМ8» спутнигімен «Протон-М» ұшырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік «Экспресс-АМ8» спутнигімен «Протон-М» ұшырылады

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік «Экспресс-АМ8» спутнигімен «Протон-М» ұшырылады

Байқоңыр ғарыш айлағында ресейлік «Экспресс-АМ8» ғарыш аппараты (ҒА) бар «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыруға дайындық аяқталып жатыр.

  • 15 Қыркүйек 2015
  • 671
Фото - Caravan.kz

«ДМ-03» үдету блогы және «Экспресс-АМ8» байланыс спутнигімен «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыру 2015 жылғы 14 қыркүйек күні Мәскеу уақытымен сағат 22:00-ге жоспарланған, бұл Астана уақытымен 15 қыркүйек, 01 сағатқа сәйкес келіп отыр.

«Эскспресс-АМ8» ҒА-ның салмағы шамамен 2100 келіні құрайды, ол Ресей, Еуропа елдері, Африка, Оңтүстік және Солтүстік Америкаға телекоммуникациялық қызметтерді көрсетугеғ, сондай-ақ президенттік және үкіметтік байланысты қамтамасыз етуге арналған.

Бұл «Экспресс» сериясы спутнигін «Протон-М» ЗТ-ның көмегімен 2015 жылы болатын екінші ұшыру. Наурыз айында «Бриз-М» үдету блогы бар «Протон-М» зымыран тасығышы «Экспресс-АМ7» ҒА орбитаға ойдағыдай шығарды, деп атап өтеді Ресейғарыш баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар