Бүгін Байқоңырда «Прогресс М-29 М» ғарыш жүк кемесі ұшырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 509.26
  • 574.75
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Байқоңырда «Прогресс М-29 М» ғарыш жүк кемесі ұшырылады

Бүгін Байқоңырда «Прогресс М-29 М» ғарыш жүк кемесі ұшырылады

Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз-У»  зымыраны мен «Прогресс М-29М» жүк кемесін ұшыртуға дайындық аяқталып жатыр.

  • 1 Қазан 2015
  • 575
Фото - Caravan.kz

Роскосмостың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғарыш жүк кемесі ғарыш айлағының №1 алаңына орналастырылды. Зымыран-ғарыш саласының мамандары ұшу алдындағы ұшыру кешенінің жүйелері мен зымыран тасығышты тексеру жұмыстарын аяқтағалы жатыр. Бүгін мемлекеттік комиссия зымыран тасығыштың жанар-жағар май құю мен ұшыртуға дайындығы жөнінде шешім қабылдауы тиіс.

 «Прогресс М-29М» ғарыш жүк кемесін ұшырту 1 қазанға Астана уақытымен сағат 22:49 жоспарланған. 

Жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) шамамен 2,5 тонна «құрғақ» жүк, жанар-жағар май компоненттерін, су мен газ қорын, сонымен қатар ғылыми тәжірибелерге арналған қондырғыларды жеткізуі тиіс. Сонымен қатар, «Прогресс М-29М» станса құрамындағы түрлі операцияларға, қалдықтарды шығару мен қондырғыларды шығаруға жұмылдырылады, деп атап өтті Роскосмостың баспасөз қызметінен.

2

3
4
5