Бүгін Байқоңырда қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов «Союз ТМА-18М» кораблі ұшырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Байқоңырда қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов «Союз ТМА-18М» кораблі ұшырылады

Бүгін Байқоңырда қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов «Союз ТМА-18М» кораблі ұшырылады

2 қыркүйек күні Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына

  • 2 Қыркүйек 2015
  • 605
Фото - Caravan.kz

құрамында қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов бар «Союз ТМА-18М» кораблі ұшырылады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қызылорда облысына екі күндік жұмыс сапары аясында Байқоңыр қаласында және осы өңірдің бірқатар елді мекендерінде болды, деп хабарлады primeminister.kz. 

Байқоңырда Елбасының тапсырмасы бойынша ол «Союз ТМА — 18 М» ғарыш кемесінің экипаж мүшелерімен кездесті, оның құрамында қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов те бар. Сұхбат барысында Б.Сапарбаев ғарышкерлерге сәтті сапар тілеп, алға қойған міндеттерді орындауға тілектестік білдірді. Кездесу соңында вице-премьер экипажға ЭКСПО-2017, Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақ хандығының 550-жылдығы эмблемаларын табыстады.

Б.Сапарбаев сондай-ақ, қаланың әлеуметтік саласының бірқатар нысандарын аралады. Атап айтқанда, ол перзентхана жұмысымен танысты және орта мектепте болып, онда жалпы білім беретін мектептердің директорларымен кездесті.

Әлеуметтік саланы дамытумен танысу Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округінде жалғасын тапты, онда Б.Сапарбаев балабақшаны аралап, 600 орындық орта мектептің құрылысын қарап шықты.


Жұмыс сапарының алғашқы күні 2014 жылы жөндеуден өткен «Қорқыт ата» мемориалдық кешенімен танысумен, сондай-ақ Қармақшы ауданы Жосалы ауылында тарихи-өлкетану музейі мен кітапхананың ашылуымен аяқталды.

Музей кешенінің ашылуында сөйлеген сөзінде ол мәдениет нысандарының халықтың білім деңгейін арттыруға және патриотизмді тәрбиелеудегі маңыздылығын атап өтті. Вице-премьер қазақстандықтардың барлық буындары үшін қызықты болатын зияткерлік орталыққа айналатынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар