Бүгін - балаларды қорғаудың халықаралық күні - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін - балаларды қорғаудың халықаралық күні

Бүгін - балаларды қорғаудың халықаралық күні

Бүгін балаларды қорғаудың халықаралық күні аталып өтіледі.Жыл сайын өткізілетін балаларды соғыс қаупінен қорғау, денсаулығын сақтау күнін атап өту 1949 жылы Әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясы кеңесінің сессиясында қабылданған. Алғаш рет 1950 жылы 51 елде атап өтілді.

  • 1 Маусым 2011
  • 3438
Фото - Caravan.kz



Халықаралық балаларды қорғау күні елімізде кеңінен аталып өтіледі.Қазақстанның мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері мерекелік шаралар ұйымдастырады. Балаларға арналған театрлық көріністер, байқаулар ұйымдастырылып, оларға сыйлықтар тапсырылады.

Қазақстанда 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы бекітілген, бағдарламаның мақсаты балалардың өмір сүру сапасын әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету жолымен жақсарту болып табылады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау жөніндегі комитеттің төрағасы Раиса Шердің айтуынша, 1 маусым — Балаларды қорғау күні елімізде балалар кинотеатрлар мен аттракциондарға тегін кіре алады.

«Бірінші маусым күні еліміз аймақтарында балалар үшін алаңдарға, ойын-сауық кешендеріне, кинотеатрлар мен театрларға кіру тегін болады. Оларға оқу жылынан кейін демалуға жағдайлар жасалады», — деп атап өтті ол.

«Бұл күні барлығын тегін ету үшін біз барлық ойын-сауық мекемелерімен сөйлестік. Онымен бірге, балалардың қоғамдық көлікте тегін жүру мәселесін қарастырдық», — деді төраға.

Мәлім болғандай, 1 маусым күні сондай-ақ республика бойынша бір айға жалғасатын «Қазақстан, біз сенің балаларыңбыз!» атты республикалық акция бастау алады. Оның аясында түрлі музыкалық байқаулар мен мерекелік шаралар өткізіледі.

Мерекені ұйымдастыруға жергілікті және республикалық бюджеттің 40 млн.-ға жуық теңгесін және демеушілердің 40-45 млн. теңгесін жұмсау көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар