Бүгін Брюссельде EURO-2012 чемпионатының іріктеу сатысы аясында футболдан Қазақстан мен Бельгия құрамалары сайысқа түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Брюссельде EURO-2012 чемпионатының іріктеу сатысы аясында футболдан Қазақстан мен Бельгия құрамалары сайысқа түседі

Бүгін Брюссельде EURO-2012 чемпионатының іріктеу сатысы аясында футболдан Қазақстан мен Бельгия құрамалары сайысқа түседі

Бүгін Брюссельдегі «Король Болдуин» стадионында EURO-2012- Еуропа чемпионатының іріктеу сатысы аясында Қазақстан мен Бельгия құрамалары кездеседі.

  • 7 Қазан 2011
  • 477
Фото - Caravan.kz

Ойын алдындағы дәстүрлі баспасөз мәслихаты кезінде футболдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мирослав Беранектің атап өткеніндей, бұл ойында Бельгия өз алаңында ойнағандықтан, алдына жан салмауға тырысады. «Сондықтан біз үшін спортшыларымыздың қарсыластарынан қаймықпай, жоғары дәрежедегі ойын көрсетуі өте маңызды. Ұйымдаса ойнап, өрескел қателер жібермесек, біз жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, бар шамамызша ойнайтын боламыз. Және де Бельгия сияқты мықты қарсыласпен бір алаңға шыққанда, бізге әрине сәттілік те өте қажет», — дейді Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы.Тренировка сборной РК

Сонымен қатар М.Беранек алдағы жарыс жаңартылған Қазақстан құрамасы үшін тәжірибе жинауға да көмектесетінін атап өтті. «Әрине, Бельгия командасы да жеңіске жеткісі келеді, біз өз тобымыздағы соңғы команда болып табыламыз. Алайда біз Түркия құрамасымен болған ойындағыдай футбол көрсеткіміз келеді. Осындай қиын жарыстарда біздің құрама шыңдала түседі», — деді жаттықтырушы.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера