Жарияланды: 350

Бүгін бүкіл православтар үшін қасиетті күн

Бүгін бүкіл православтар үшін қасиетті- Рождество мерекесі. Айтулы күн әлемнің 145 елінде тойланып жатыр.

Інжілдегі аңыз бойынша Рождество осыдан 2013 жыл бұрын тойлана бастапты. Яғни, дәл осы күні христиандардың әулие анасы – Мария Ғайса Иса пайғамбарды өмірге әкеліпті. Рождество алдындағы кештен бастап шіркеулер құдайға табынушыларға лық толды. Православтар бұны - «Сочельник» деп атайды екен. Сондай-ақ, бұл күні Рождество алдындағы ауыз бекіту аяқталып, дәстүрлі тағамдар мәзірі қойылған отбасылық дастархан жайылады. Православ Рождествосы біздің елде де мемлекеттік мереке ретінде демалыс күні болып жарияланғанын айта кетейік.

Владимир Завадич, шіркеу қызметкері:

- Рождество мерекесі біз үшін рухани құндылықтың символы іспеттес. Яғни, құдайдың бар екенін жүрегімізбен сезетін күн. Іштей жаңаруға, өмірді өзгертуге бағытталады. Баршаңызды осы мерекемен құттықтаймын.

Сондай-ақ, осы мереке қарсаңында Петропавлдағы қысқы бақта «Тропика жұлдызы» гүл ашты. Оны «Жаңа жыл гүлі» деп те атайды. Бір қызығы, өсімдік жылда тек Рождество мерекесі күні ғана жайқалып келеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін