Бүгін Чиншанлоның алтынға таласын қазақстандықтар қай телеарнадан тікелей эфир арқылы көре алады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Чиншанлоның алтынға таласын қазақстандықтар қай телеарнадан тікелей эфир арқылы көре алады

Бүгін Чиншанлоның алтынға таласын қазақстандықтар қай телеарнадан тікелей эфир арқылы көре алады

Тікелей трансляция аздаған минуттардан соң басталады. 

  • 26 Шiлде 2021
  • 691
Фото - Caravan.kz

Бүгін, 26 шілде Қазақстан құрамасының қоржыны Олимпиаданың тағы бір жүлдесімен толығуы мүмкін, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Ауыр атлетикадан қазақстандық Зульфия Чиншанло өнер көрсетеді. 55 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасындағы жарыс Қазақстан астанасының уақытымен 16:55-те басталады. Qazaqstan оны тікелей көрсетеді.

Сонымен қоса, бүгін 52 келіде жұдырықтасатын Сәкен Бибосынов рингке шығады. Оның бірінші қарсыласы пуэрториколық Янкьель Ривера Фигероа болады. Кешкі сессияның басталуы 14:00. Тікелей көрсетілімді "Хабар" арнасы жүргізеді, жарысты мына сілтеме арқылы өтіп тамашалай аласыз.


Айта кетейік, Қазақстан қоржынында ауыр атлетикадан бір жүлде бар — 61 келіде Игорь Сон қола жеңіп алды. Елдос Сметов те дзюдодан қола жүлде жеңіп алған болатын.

false