Бүгін - Дүниежүзілік телевидение күні - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін - Дүниежүзілік телевидение күні

Бүгін - Дүниежүзілік телевидение күні

Бүгін - Дүниежүзілік телевидение күні.

  • 21 Қараша 2012
  • 392
Фото - Caravan.kz

БҰҰ Бас Ассамблеясы 21 қарашаны Дүниежүзілік телевидение күні ретінде 1996 жылы өткен бірінші Дүниежүзілік телевизиялық форумды есте қалдыру мақсатында 1998 жылдың наурызында жариялады. Мемлекеттерге бұл күнді бейбітшілік, қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік даму және мәдени алмасуды кеңейту тақырыптарына арналған телебағдарламалармен алмасу арқылы атап өту ұсынылды.

Мереке бертінде ғана атап өтіле бастағанымен, телевидениенің тарихы 100 жыл бұрын басталды. Электронды сәулелердің көмегімен белгілі қашықтықта бейнелерді қабылдап, көрсетудің алғашқы эксперименттері 1920 жылдардың басында АҚШ-та, Жапонияда және КСРО-да басталды. 1993 жылы американдық инженер (Ресей тумасы) Владимир Зворыкин әлі күнге дейін көптеген телевизорлардың басты бөлшегі болып табылатын катодты түтікшені ойлап тапты.

Әлемдегі ең ірі телекомпаниялар — CBC, NBC, АҚШ-тағы — ABC; BBC, Ұлыбританиядағы — ATV; Италиядағы — РАИ; Жапониядағы — NHK; Германиядағы — ЦДФ саналады.

Қазақстанда отандық ТВ 1958 жылдың наурызында пайда болды.