Бүгін Душанбе қаласында "Орталық Азиядағы парламенттік газет" атты жобаның тұсаукесері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Душанбе қаласында "Орталық Азиядағы парламенттік газет" атты жобаның тұсаукесері өтеді

Бүгін Душанбе қаласында "Орталық Азиядағы парламенттік газет" атты жобаның тұсаукесері өтеді

Бүгін Душанбе қаласындағы "Тәжікстан " қонақ үйінде "Орталық Азиядағы парламенттік газет" атты жобаның тұсаукесері өтеді.

  • 8 Тамыз 2003
  • 413
Фото - Caravan.kz

Жобаның кеңсесінен KZ-today тілшісіне хабарлауынша, күнделікті мемлекеттік басылымға жататын «Парламенттік газет»-тің құрылтайшысы — Ресей Федерациясы Федералдық Жиыны мен Мемлекеттік Дума болып табылады. 1998-жылдың мамырынан бері жарық көріп келе жатқан бұл газет Ресейдің барлық аймақтары мен әлемнің 67 еліне тарайды.

«Орталық Азиядағы парламенттік газет» жобасының басты мақсаты — Ресей Федерациясы Федералдық Жиынының іс-қызметін ақпараттық қамтамасыз ету және Ресей мен аймақ елдері арасындағы парламенттік қарым-қатынас туралы ақпарат таратуға саяды. ТМД-ға қатысушы Орталық Азиялық республикалардың ішкі-сыртқы саясатына, осы ел парламенттерінің іс-қызметіне, Орталық Азиядағы мәдениет, ғылым және білімді дамыту проблемаларына, сондай-ақ, осы елдердегі қандастар өміріне қатысты өзекті тақырыптарды жедел жария етуге басымдық беріледі.
«Парламенттік газет»-тің бас редакторы- Леонид Кравченко. Газеттің тілшілер қосыны Бішкекте орын тепкен. Орталық Азия елдері бойынша меншікті тілшілік жұмысын А.Князев атқарады.