Бүгін Екатеринборда Ресейдің тұңғыш президентіне ескерткіш ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Екатеринборда Ресейдің тұңғыш президентіне ескерткіш ашылады

Бүгін Екатеринборда Ресейдің тұңғыш президентіне ескерткіш ашылады

Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельциннің туған қаласы - Екатеринборда оған ескерткіш ашылады, деп хабарлады Утро.ру агенттігі.

  • 1 Ақпан 2011
  • 465
Фото - Caravan.kz


Бұл шараға қатысу үшін Ресей Президенті Дмитрий Медведев Екатеринбор қаласына келді. Ол сондай-ақ атаулы күнге орай екатеринборлық опера және балет театрындағы концертті тамашалайды.

Бүгін 1 ақпанда Борис Ельцин тірі болса 80 жасқа толар еді. Осы мерейтойға және Б.Ельциннің президент орынтағына отырғанына 20 жыл толуына арналған шаралар сондай-ақ Мәскеу, Пермь және Қазан қалаларында өтіп жатыр. Екатеринборда оның есімімен аталатын көшеде Ельциннің ескерткіші ашылуы осы салтанаттың басты шарасы болмақ.

Перейти к новостям спорта