Бүгін елде күн райы қатты бұзылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін елде күн райы қатты бұзылады

Бүгін елде күн райы қатты бұзылады

Республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, оңтүстікте түнде басым бөлігінде, таулы аймақта қатты жауын-шашын болады.

  • 29 Қыркүйек 2017
  • 327
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның батысы, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел күшейеді. Солтүстік, оңтүстік пен орталықта кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 23-28 м/с, Оңтүстік Қазақстанда — тұман. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, желдің екпіні 15-20 м/с. Қостанай облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Соңғы жаңалықтар