Бүгін елдің басым бөлігінде қар жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін елдің басым бөлігінде қар жауады

Бүгін елдің басым бөлігінде қар жауады

Жексенбі күні атмосфералық фронтальды ағымдардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігіне қар жауады.

  • 24 Желтоқсан 2017
  • 202
Фото - Caravan.kz

Тек шығыс, оңтүстік-шығыста ғана қар жаумайды. Кей жерде тұман түсіп, боран соғып, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қызылорда, Жамбыл облыстарының бірқатар аймағында тұман түсіп, көктайғақ болып, күндіз кей жерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Жамбыл облысында желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді. Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында боран соғып, тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан, Қарағанды облысының кей жерінде көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерге тұман түсіп, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін ұйытқиды. Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймағында жел тұрады.


Соңғы жаңалықтар