Бүгін елдің басым бөлігінде - жаңбырлы найзағай ойнап, ұйытқыма жел соғады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін елдің басым бөлігінде - жаңбырлы найзағай ойнап, ұйытқыма жел соғады

Бүгін елдің басым бөлігінде - жаңбырлы найзағай ойнап, ұйытқыма жел соғады

Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағы циклон және сонымен байланысты тұтас ағым ықпалында болып, сондықтан онда жауын жауып, найзағай ойнап, екпіндетіп жел соғып, жекелеген аудандарында бұршақ жауады.

  • 2 Маусым 2011
  • 1756
Фото - Caravan.kz

Республиканың батыс, оңтүстік-шығыс аудандарындағы ауа райын антициклон тармағы анықтап, сондықтан жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Бейсенбі күні Астанада ала бұлтты, өтпелі жауын жауады, найзағайлатып, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғып, екпіні 15-20 м/с болып, ауа температурасы +20+22 градус болады.

Алматыда ала бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с самал соғып, ауа температурасы +24+26 градус болды.

Қазақстанның солтүстік аумағында барлық облыстарында жауын-шашын болады деп күтілуде. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысында кей жерлерінде 15-22 м/с жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, ауа температурасы тиісінше, +15+20, +15+20 және +17+22 градус болады. Павлодар облысында кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғып, ауа температурасы тиісінше +23+28 градус болады.

Қарағанды, өтпелі жауын жауып, кей жерлерінде 15-22 м/с жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, ауа температурасы+15+20 градус болады. Шығыс Қазақстанда да найзағаймен нөсерлетіп, өтпелі жауын жауып, кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғып, ауа температурасы +23+28 градус болады.

Қазақстанның оңтүстігінде Оңтүстік Қазақстан облысында өтпелі жауын жауады деп күтілуде, сондай-ақ кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады, шаң көтеріледі, ауа температурасы +24+29 градус, Қызылорда облысында кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, ауа температурасы +24+29 градус, Алматы облысында жауын–шашынсыз, ауа температурасы +23+28 градус, Жамбыл облысында да жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы +26+31 градус болады.

Республиканың батысында Маңғыстау облысында аздап өтпелі жауын жауып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы +28+33 градус, Ақтөбе облысында өтпелі жауын жауып, кей жерлерінде 15-22 м/с жел соғып, ауа температурасы +16+21 градус болады. Атырау, Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғып, ауа температурасы тиісінше +25+30 және +22+27 градус болады.

Метеоқызметтің хабарлауынша, республиканың батысы мен оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жақын күндері Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл мен Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады. Қазақстанның басқа өзен-көлдерінде айтарлықтай өзгерістер болмайды.

Соңғы жаңалықтар