Бүгін елімізде доллар бағамы күрт өсіп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін елімізде доллар бағамы күрт өсіп кетті

Бүгін елімізде доллар бағамы күрт өсіп кетті

Доллар тағы да қатты қымбаттап кетті. Таңертең-ақ 188 теңгеден сатылған АҚШ ақшасы небәрі бірер сағаттың ішінде 198 теңгеге бір-ақ өсті. Қазақстан қор биржасындағы мұндай күрделі өзгерістерден соң ақша айырбастау нүктелері де жаппай көрсеткіш тақталарын ауыстырып жіберді. Кейбірі, тіпті, доллар тағы да түсе ме деп дәмеленіп сауда-саттықты мүлдем доғарған. Ал теңге жыл бойы тұрақты болады деп тұрғындарды сендіріп келген, тіпті кеше де Елбасы алдында бәрі жақсы деп есеп берген Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов бүгінгі жағдайды халыққа түсіндіруге әлі құлық танытқан жоқ.                  

  • 20 Тамыз 2015
  • 1194
Фото - Caravan.kz

Бүгін таңертеңнен ақша айырбастау пунктерінің жанынан өткен жұрттың бәрі төбесінен жай түскендей күйде. Доллар бағасы бұлайша қымбаттай түседі деп ешкім де күтпеген. Бар жұмысын тастап, теңгесін тездетіп ауыстыруға кезекте тұр.  

Ну неприятно конечно что доллар подорожал. Обещали, что он не подорожает, а он поднялся в цену. Все подорожает теперь опять. Продукты все такое будет дорожать все опять…

Жұрттың өкпесі қара қазандай. Теңгенің не себепті күрт төмендеп, доллар бағасының өсе түскенін түсінбей әлек. Бағамның бұлайша бірден 198 теңгеге бір-ақ көтерілгеніне ақша айырбастау пункті қызметкерлері де аң-таң. Тіпті, таңертеңнен дүрліккен жұртқа тұшымды жауап бере алмай әбден қиналған екен.      

Виктор Бондарев , «Тұмар» ақша айырбастау пунктінің директоры:

—  Доллар бағамы күтпеген жерден көтеріліп кетті. Халық таңертеңнен бастап дүрлігіп жатыр. Бізге қайта- қайта қоңырау шалып, ақша қалды ма деп қоймай сұрап жатыр. 

Доллардың өскеніне елдің бірі қапаланса, енді бірі қуанған. Мәселен, таңертеңмен күтпеген жағдайды ұтымды пайдаланған Махмұт ақшасын дер кезінде ауыстырып мол табысқа кенеліп үлгерген.  

Махмұт  Ғанитаев:

— Обменниктер пока анаусын ауыстырып бітпегенше мен барып «Променадтың» ішінде бір обменный пункт бар содан 1200 фунт стерлинг сатып алдым да, бір көше өтіп «Эмтрейдер»-ға келіп соны 308 ден өткізе салдым. Егер ақшам көп болса, мен көп табатын едім, ал енді ақша аз, сол үшін 12 мың ақша түсті.

Бастапқыда 195 болған доллардың бағасы қазір 198-ге дейін жетті. Ақша айырбастау нүктелері де, екінші деңгейдегі банктер де осы бағамды ұстап отыр. Тек Ұлттық Банктің ғана көрсеткіші 188-ді көрсеткен. Тек бұдан теңге көтеріліп, доллар қайта түседі деген түсінік қате дейді сарапшылар.

Меруерт Махмұтова, сарапшы:

— Әрине, алаңдайтындай жағдай бар. Менің ойымша, осы 198-ге барып тоқтай қоймайды. Ол ертеңгі күні 240-қа да баруы мүмкін. Оған ешкімнің де көзі жетіп тұрған жоқ, бірақ ол енді мұнайдың бағасына, Ресей рублі деңгейіне, юаньнің деңгейіне байланысты болады.

Аруна Ортай, тілші:

— Яғни, алдағы тәуліктерде доллар тағы да көтерілуі мүмкін. Осыдан күдіктенсе керек, еліміздің бірнеше қалаларында ақша айырбастау пункттері сауданы мүлде тоқтатқан. Мәселен, Ақтөбе, Қостанайдың көп жерлерінде доллар сатылып жатқан жоқ. Ал еліміздің бас қаласы Астанадағы жағдай қалай болып жатыр? Досжан, доллар бағасының күрт өсуін астаналықтар қалай қабылдады?

Досжан Маратұлы, тілші:

— Рахмет, Аруна. Иә, доллар бағасының күрт қымбаттауы астаналықтар үшін де күтпеген жағдай болды. Валюта айырбастау орындарында шарықтаған бағаны көріп жұрт аң-таң.

Десе де, таңертең ешқандай дүрбелең байқалмады. Тек түске жақын Елорда көшесімен ары-бері сабылған адам қарасы көбейіп кетті. Олар валюта айырбастау орындарына қарай ағылуда. Долларды көптеп алуға асығып жатыр. Өйткені барлығы тағы да осындай жағдай бола ма деген үреймен жүр. 

Оның үстіне тақтадағы сату-сатып алу бағасы да сәт сайын құбылып тұр. Бір жерде доллар 198, екіншісінде 197 теңге. Сондықтан болар кейбір валюта айырбастау орындары доллар бағасының әлі де өсуін күтіп, сатпай қойған. Ал еліміздің Ұлттық банкі төл теңгенің кезекті рет құлдырауына қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Кеше ғана Президент қабылдауында болған бас банкир Қайрат Келімбетов елдегі экономикалық тұрақтылық пен өсімді айтып мақтанған еді.

Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

Биылғы жарты жылдықта инфляция көлемі 1,4 пайызды құрап отыр. Ал, жылдық көрсеткіш 3,9 пайызға жетті. Бұл осы уақытқа дейінгі ең төменгі көрсеткіш. Бұл өте жақсы. Жүктеген тапсырмаңызды орындап отырмыз.

Бірақ тағы да Келімбетовтің айтқаны болмай қалды. Тағы дейтін себебіміз, 2014 жылдың ақпан айындағы девальвацияның алдында да мұндай жағдай болмайды деп сендірген еді. Ал артынан теңге қатты құнсызданған күні «оны өзім осы түнде ғана естідім» деп, жұрттың күлкісіне қалды.

Осылайша төл теңгеміз былтыр ақпан айында болған девальвациядан кейін екінші мәрте айтарлықтай құлдырап отыр. Осыған байланысты ертең премьер-министр Кәрім Мәсімов бастаған топ пен Ұлттық банктің біріккен жиыны өтеді. Оның үстіне бүгін Елбасы үкіметке экономикалық өсімді қамтамасыз етуге пәрмен берді. 

Соңғы жаңалықтар