Бүгін елімізде қар жауып, боран соғады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін елімізде қар жауып, боран соғады

Бүгін елімізде қар жауып, боран соғады

Еліміздің басым бөлігінде  атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты бұрынғыша тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын болады, оңтүстіктің кей жерлерінде қатты жауады, тек батыста жауын-шашынсыз.

  • 17 Желтоқсан 2016
  • 696
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады.

Жамбыл  облысының кей жерлерінде тұман болып жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыс облысында 30 м/с аса күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде басым бөлігінде жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28, таулы өткелдерде 30 м/с аса, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні 25, түнде Жалаңашкөл ауданында екпіні 30 м/с аса күшейеді.

Павлодар облысында  жел 5-20, екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, жол үстінде көктайғақ болады, жел  18-23, күндіз екпіні 30 м/с аса күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ  болып, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.


Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Қостанай,  Солтүстік Қазақстан облыстарынның кей жерлерінде тұман, күндіз бұрқасын күтіледі.