Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта және солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз.
Қазақстанның барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталып, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты қар күтіледі, деп хабарлайды Sputniknews.kz "Қазгидромет" метеоқызметіне сілтеме жасап. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.