Бүгін еліміздің алты облысында күн қатты ысиды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің алты облысында күн қатты ысиды

Бүгін еліміздің алты облысында күн қатты ысиды

Бүгін Қазақстан территориясының көп бөлігінде жауын-шашынсыз  ауа райы сақталады.

  • 17 Тамыз 2015
  • 361
Фото - Caravan.kz

Тек еліміздің солтүстік-батыс бөліктері  атмосфералық фронттардың ықпалында болғандықтан, кей жерлерде  найзағайлы өткінші жаңбыр жауады. Кей жерлерінде жел күшейеді. Республиканың оңтүстік-батысының  кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейюі күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіліп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, найзағай болады.

Атырау, Ақтөбе облыстарында найзағай күтіледі, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.


Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, қалған көп бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.

Жамбыл, Атырау облыстарында, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар