Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы ыстық болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы ыстық болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы ыстық болады

«Қазгидромет» РМК 7 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

  • 7 Тамыз 2017
  • 240
Фото - Caravan.kz

Атмосфералық ауа ағынының өтуіне байланысты Республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауады, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі.   

Қазақстанның қалған бөліктерінде жауын-шашынсыз ауа райы құбылмалы болады. Ақмола, Павлодар, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, кей жерлерінде 23-28, екпіні 30 м/с асып, найзағай ойнап, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Қостанай облысында жел 15-20 м/с, кей жерінде 23-28 м/с жетіп, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 17-22, екпіні 30 м/с, күндіз кей жерлерде найзағай болады, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерінде найзағай күтіледі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, жел 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Күндіз Кызылорда облысының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Өте қатты ыстық ауа райы күтіледі. 


Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық ауа райы күтіледі.

Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Соңғы жаңалықтар