Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еліміздің кей өңірінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді, бұрқасын болуы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.