"Қазгидромет" РМК 20-22 сәуірге арналған ауа-райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Caravan.kz.
Бүгін күн ашық болғанымен, апта соңында жаңбыр жауайын деп тұр. Яғни 21-22 сәуірде, Ресейдің Еуропалық бөлігінен және Оңтүстік-Каспий теңізінің жағалауынан жылжитын циклондардың және атмосфералық фронттар бөліктерінің әсерінен еліміздің көптеген облыстарында жаңбыр және қатты екпінді жел соғып, кей жерлерде желдің күші 15-25 м /с күшейіп еліміздің оңтүстігініде найзағай күтіледі.
Ауа температурасы Қазақстанның барлық аумақтарында орташа көпжылдық мәндерден 3-6 ºС жоғары болып сақталады.