Бүгін еліміздің басым бөлігінде өрт қаупі туындайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің басым бөлігінде өрт қаупі туындайды

Бүгін еліміздің басым бөлігінде өрт қаупі туындайды

"Қазгидромет" мамандары Қазақстан аймақтарында 14 шілдеде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультациясын жариялады. 

  • 14 Шiлде 2017
  • 221
Фото - Caravan.kz

Ақмола, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай, Солтүстік  Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Кызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана қ
: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Жел солтүстік,солтүстік-батыстан  соғады, күші 9-14 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +9+11°С, күндіз +19+21°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады,найзағай болады. Желдің күші 2-7 м/с, найзағай кезінде 12 м/с. Ауаның температурасы түнде +17+19°С, күндіз +27+29°С болады.