Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерінде тұман күтіледі, түнде кей жерде найзағай соғуы мүмкін, басым бөлігінде жел 15-20, түнде кей жерінде 23-28 м/с күшейеді.
Жамбыл, күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанда облысының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстанның кей жерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерінде найзағай күтіледі, түнде жекелеген ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерінде тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады