Тек елдің батыс және оңтүстік өңірлерінде ашық ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Қазгидромет" ақпаратына сүйеніп.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарында түнде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, күндіз жауын жауады. Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.