Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап хабарлады.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей аумақтарында тұман, түнде жекелеген жерлерде көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с артады.
Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі ықтимал.
Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Маңғыстау, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады, Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді.