Жарияланды: 420

Бүгін елордада 65 сәби дүние есігін ашады деп күтілуде

Бүгін елордада 65 сәби дүние есігін ашады деп күтілуде

Бүгін қалалық № 3 перзентханада 2012 жылдың 1 желтоқсанында дүние есігін ашқан сәбилерге ескерткіш сыйлықтар тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты.

Валентина Золотарева, Әйгерім Үсенбаева, Ақниет Жұмабаева және Лилия Файзуллина Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Гүлнар Төлегенованың қолынан Тұңғыш Президент күні мерекесі жазуы бар сәбилер комбинезондары мен ескерткіш сыйлықтар алды. Жас ана Лилия Файзуллина бұл оның дүниеге келген ұлы екеуінің алғашқы сыйлығы екендігін айтып, қуанышымен бөлісті және оны міндетті түрде ескерткішке сақтап қоятынын жеткізді. «Қызымның осындай айтулы күні туғанына өзімді бақытты сезініп тұрмын», - деді Валентина Золотарева. Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Гүлнар Төлегенова: «Біздің мемлекеттің осылай балаларымыз үшін өмір сүруге жақсылығы мол болсын», - деген тілегін білдірді. Осы кезеңде қалада барлығы 15 сәби дүниеге келді. Олардың - 9-ы қыз бала. Дәрігерлер күні бойы қалада 65 сәби дүниеге келеді деп күтуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін