Бүгін Елордада «Қазақ киносының апталығы» басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Елордада «Қазақ киносының апталығы» басталды

Бүгін Елордада «Қазақ киносының апталығы» басталды

Биыл қазақ киносының көрермені миллионға жетті. Бұқараның әсіресе тарихымыз басылған таспаларға деген қызығушылығы ерекше. Көрерменнің көзайымына айналған ең үздік отандық картиналар Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында астаналықтарға қайта ұсынылып отыр. Бүгін Елордада «Қазақ киносының апталығы» басталды.

  • 11 Желтоқсан 2012
  • 273
Фото - Caravan.kz

Кинофестиваль Ерлан Нұрмұхамбетов және Бегарыс Елубайдың «Аңшы бала» көркем фильмімен ашылды. Ал жыл жаңалығына «Ер Төстік пен Айдаһар» атты қазақтың тұңғыш толықметражды анимациялық фильмін жатқызуға болады. Бұл туындының тұсаукесері келесі жылға жоспарланған. Алайда авторлар астаналықтарға жаңа жобаны алдын ала көрсетуді ұйғарыпты. Сонымен қатар, «Қазақфильм» Ерлан Сағыновтың «Армандастар», Ермек Тұрсыновтың «Шал»,  Дамир Манабайдың «Лотереясын» ұсынып отыр. Ал Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» көркем фильмі мәдени шараның шымылдығын жабады деп жоспарлануда.


Ермек Аманшаев, «Қазақфильм» АҚ президенті:

— Қазақ тарихында мәдениетіміздің, мемлекетіміздің дамуына елеулі үлес қосқан Т.Рысқұлов, А.Әшімов, Ә. Кекілбаев, Б.Ертаевқа арналған деректі фильмдердің де арнайы көрсетілімі болады.