Бүгін Еуропа Одағына Нобель сыйлығы тапсырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Еуропа Одағына Нобель сыйлығы тапсырылады

Бүгін Еуропа Одағына Нобель сыйлығы тапсырылады

Бүгін, дүйсенбіде Ослода (Норвегия) Еуропа Одағына (ЕО) Нобель сыйлығы тапсырылады.

  • 10 Желтоқсан 2012
  • 392
Фото - Caravan.kz

Марапаттау рәсіміне ЕО Кеңесінің президенті Херман Ван Ромпей, Еуропа комиссиясының басшысы Хосе Мануэль Баррозо және Еуропа парламентінің президенті Мартин Шульц қатыспақ.

Ослоға сыйлықты тапсыру рәсіміне бірқатар елдердің басшылары, оның арасында арнайы Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Франсуа Олланд келеді деп күтілуде.

Қазан айында ЕО-ға «әлемде бейбітшілік, демократия мен адам құқықтарының сақталуына қосқан үлесі үшін» Нобель сыйлығын беру туралы ұйғарым жасалған. Ослода мыңдаған адам Нобель сыйлығының ЕО-ға берілуіне наразылық акциясын өткізбек.

Норвегия ЕО-ға мүше емес. Норвегиялықтар бұған дейін ЕО-ға кіру ұсынысынан екі рет бас тартқан, деп хабарлайды «Азаттық».