Бүгін «Астана» Еуропа лигасының бесінші турында «АПОЭЛ-ді» қабылдайды.Бұл туралы 24.кз хабарлады.
Кипр футболшыларының сауатты ойнайтыны анық. Алайда алаң иелерінің де өз білгені бар. Мысалы, Азат Нұрғалиев «жеңіске бастайтын жолды білеміз. Шама келгенше айқасамыз» — деді. Шабуылға екпін беретін Патрик Твумаси ойынға араласа алмайды. Таңат Нөсербаев жарақатынан енді айықты. Азаттың өзі де толыққанды жаттығуды бастағанына көп болған жоқ. Алайда «Астана» азулы қарсыластарға мінез көрсетіп жүр. Бұл жолы да жақсы дәстүр жалғасады деген үміт басым. Ойын алдындағы баспасөз маслихатында Стойлов шабуылда Деспотович — Кабананга жұбы ойнауы мүмкін екенін айтты.
"Екеуі де бабында. Алғы шеп алаңдатпайды. Қалай ойнайтынымыз ертең анықталады. Жігіттер жасып қалмаған шығар. Маусым аяқталуға жақын. Оны түсінемін. Чемпион атандық, кубок ұстандық. Бірақ Еуропаны да бір дүр сілкіндіру керек қой", «Астана» ФК бас бапкері Станимир Стойлов.