Бұл турда «Жетісу»-«Тараз», «Қайсар»-«Атырау», «Шахтер»-«Локомотив», «Восток»-«Тобыл», «Ақтөбе»-«Ордабасы» және «Қайрат»-«Ертіс» командалары өзара кездеседі.
Айта кетейік, төрт турдан кейін тоғыз ұпай жинаған Талдықорғанның «Жетісу» клубы көш басында келеді. Дәл осындай ұпайы бар Қарағандының «Шахтері» екінші, «Ақтөбе» үшінші, Астананың «Локомотив» командасы төртінші орында тұр. Көш соңында — 2 ұпайды ғана еншілеген Қызылорданың «Қайсар» командасы.