Бүгін Италия Республикасының ұлттық мейрамы - республиканың құрылған күні - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Италия Республикасының ұлттық мейрамы - республиканың құрылған күні

Бүгін Италия Республикасының ұлттық мейрамы - республиканың құрылған күні

Бүгін Италия Республикасының ұлттық мейрамы - республиканың құрылған күні (1946).

  • 2 Маусым 2011
  • 582
Фото - Caravan.kz

Италия — Еуропаның оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апенин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Әкімшілік жағынан 20 облысқа бөлінеді. Оның бесеуі Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д´Аоста, Фриули-Венеция-Джулия ерекше автономиялық мәртебеге ие. Сонымен қатар Италия аумағында тәуелсіз Ватикан және Сан-Марино мемлекеттері орналасқан. Астанасы — Рим қаласы. Ресми тілі — итальян тілі. Ақша бірлігі — еуро. Италия — парламенттік республика. 1948 жылы қабылданған Конституциясы бойынша елді Президент басқарады. Заң шығарушы органы екі палаталы парламент — Республика сенаты және Депутаттар палатасы. Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында.

Қазақстан Республикасы мен Италия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 12 маусымда орнатылды.

Соңғы жаңалықтар