Жарияланды: 470

Бүгін - Кедейлерге көмек көрсетудің халықаралық күні

19 желтоқсан күні әлемдік қауымдастық Кедейлерге көмек көрсетудің халықаралық күнін атап өтеді.

Халықаралық сарапшылардың мәліметінше, ХХ ғасырдың соңындағы жағдай бойынша, Ғаламшар халқының төрттен бір бөлігіне жуығы, яғни бір жарым миллиард адам кедейшілікте өмір сүреді. Осыған байланысты БҰҰ кедейлікті жоюды мақсат ететін бірнеше бағдарламаны қабылдады. Жоқшылықты жою бойынша алғашқы бағдарламалар 2000 жылдың басында жүзеге асырыла бастады, бірақ, кедейшілікте өмір сүретіндердің саны әлі де азаяр емес. Кедейшілік ақшаның жоқтығын ғана емес, сондай-ақ лайықты жұмыстың, баспананың, жақсы білім мен денсаулыққа қолжетімдіктің болмауын білдіреді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін