Бүгін кеден Ресеймен арадағы шекарадан кетуі тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін кеден Ресеймен арадағы шекарадан кетуі тиіс

Бүгін кеден Ресеймен арадағы шекарадан кетуі тиіс

Бүгін кеден Ресеймен арадағы шекарадан кетуі тиіс. ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Twitter-дегі блогында осындай жазба қалдырды.

  • 1 Шiлде 2011
  • 462
Фото - Caravan.kz

«Бүгін кеден қызметі Ресеймен арадағы шекарадан кетуі керек. Ол жақтан қандай жаңалықтар бар екен?», — деп жазды Үкімет басшысы.

Кеден аумағына әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылау қызметін Қазақстан, Ресей және Беларусь кеден қызметтері сыртқы шекараларда ғана жүргізетін болады. Үш елдің кеден қызметтері өз аумақтарында ресімделетін әр тауар партиясы бойынша негізгі мәліметтермен алмасып отырады.

Кеден одағы 2010 жылы 1 қаңтардан бастап, Біртұтас кедендік тариф енгізілгелі бері жұмыс істей бастады. Тауарлардың басым бөлігі бойынша одақтың ішкі шекарасындағы кедендік бақылау өткен жылдың 1 шілдесінде алып тасталынды. Қазақстанда жыл бойына өтпелі кезең жұмыс істеді, осы аралықта 406 тауар тобы бойынша төмендетілген импорттық баж салығы қолданылды, деп хабарлады Үкімет басшысының ресми сайтынан.

Соңғы жаңалықтар