Бүгін Кеңес Одағының батыры Б.Момышұлының туғанына - 102 жыл
![]() |
Бүгін Кеңес Одағының батыры, гвардия полковнигі және халықтың сүйікті қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 102 жыл толды. |
Осыған орай Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батырдың рухына тағзым етті.
«Осыдан біраз уақыт бұрын қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінде «Бауыржантану: бүгіні мен келешегі» атты ғылыми-теориялық конференция өткіздік. Онда үш ұрпақ өкілі кездесіп бауыржантанудың бүгіні мен болашағы туралы кеңінен әңгіме қозғады. Бауыржан Момышұлын құрметтейтін, сыйлайтын ел-жұрт жылда 24 желтоқсан күні оның туған күнін арнайы атап өтуге келісті», - дейді Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалының директоры, соғыс ардагері Нағашыбек Қапалбекұлы.
Енді Бауыржантанушы жалпы қауым жылда 24 желтоқсан күні, сағат 11-де Алматыдағы Бауыржан Момышұлы ескерткішінің маңына жиналуды дәсүрге айналдырмақ.
ҚР Мәдениет қайраткерінің айтуынша, Бауыржан Момышұлының 100 жылдығы қарсаңында оның 30 томдық жинағы шыққан еді. Оны оқыған кез келген адам Б.Момышұлының керемет философ, психолог, этнолог және әскери прозаның атасы екеніне көзі жеткізді. КО батыры Орталық партия комитетінің Әбдіхалықов, Имашевқа, Оңдасыновқа, Шаяхметов сияқты жетекшілеріне қазақ тілін дамыту, ат спорты, салт-дәстүр және жастарды тәрбиелеу жөнінде хаттар жазған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін