Жарияланды: 500

Бүгін Халықаралық ақпарат қорғау күні

1988 жылы Компьютерлік жабдықтау американдық қауымдастығы 30 қарашаны Халықаралық ақпарат қорғау күні етіп жариялады.

Бұл күннің мақсаты - компьютерлер мен оларда сақталған барлық ақпараттың қорғалуы қажеттігі туралы пайдаланушылардың есіне салу. Нақты 1988 жылы алғашқы жаппай вирустық эпидемия тіркелді, ол өзін ойлап табушы - Морристің атымен аталды. Дәл осы кезде мамандар ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кешенді түрде қарау қажеттігі туралы ойлана бастады. Дегенмен, алғашқы компьютерлік вирустың прототипі көп ұзамай-ақ - 1983 жылы шықты. Бұл күні вирустардан қорғалмаған компьютерлерге келетін шығындар туралы айтылады. Мысалға, 2000 жылы интернет желісімен жіберілген «I love you» вирусынан келген шығын Солтүстік Америкада миллиард долларды құрады. Ақпаратты қорғау контексінде: - анти-вирустық бағдарламаны орнату, - желіаралық экрандарды орнату (Firewall), - қиын анықталатын парольді орнату, - әлеуметтік инженерия, - ақпараттық ресурстар мен активтердің физикалық қорғанысы және т.б. меңзеледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін