Бүгін Халықаралық КВН күні - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Халықаралық КВН күні

Бүгін Халықаралық КВН күні

2001 жылдың 8 қарашасында Ресей мен ТМД-ның кейбір мемлекеттері тарихта алғаш рет Халықаралық Көңілді және тапқырлар клубы (КТК) күнін атап өтті.

  • 8 Қараша 2012
  • 621
Фото - Caravan.kz

Мереке идеясын Халықаралық КТК клубының президенті Александр Масляков ұсынды. Мерекелеу датасы Көңілді және тапқырлар клубы ойынының эфирге алғаш шыққан 1961 жылдың 8 қарашасынан алынды.

Былтыр КВН 50 жылдық мерейтойын атап өтті. КВН-нің алғашқы жүргізушілері Элем Климов, Александр Белявский және Наталья Фатеева болды. Кейін оларды Альберт Аксельрод пен Светлана Жильцованың дуэті алмастырды. 1964 жылы Аксельродтың орнына Александр Масляков келіп, ол КВН-нің негізгі жүргізушісі әрі клуб басшысына айналды.

1971 жылдың соңына қарай КСРО Орталық телевизиясы басшылығымен болған кикілжің салдарынан бағдарлама біраз уақытқа жабылды. КВН тек 1986 жылы қайта түледі.

Қазақстан КВН-ы көш кейін дамығанымен, қазір елімізде орыс тілді КВН-мен қатар, төл тіліміздегі Көңілді және тапқырлар клубтары бар. «Қазақстан КВН одағының» президенті — Есен Елеукен. Қазақша КВН еліміздегі талантты жастарды сахнаға шығарды. Олардың ең белсенді әрі дарынды қатысушылары бүгінде мәдениетте, шоу-бизнесте және басқа да салаларда өз орындарын табу үстінде.

Соңғы жаңалықтар