Бүгін - Халықаралық Олимпиада күні - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін - Халықаралық Олимпиада күні

Бүгін - Халықаралық Олимпиада күні

Бүгін - Халықаралық Олимпиада күні.

  • 23 Маусым 2011
  • 505
Фото - Caravan.kz

Бұл атаулы күн қазіргі Олимпиадалық қозғалыстың басшы органы — Халықаралық олимпиадалық комитеттің құрылған күні құрметіне атап өтіледі.

1894 жылы 23 маусымда Парижде Дене шынықтыру проблемалары жөніндегі халықаралық конгресс өтіп, оған 12 елдің өкілдері қатысады.

Олимпиадалық қозғалысты жандандыруға ұйытқы болған барон Пьер де Кубертен баяндама жасап, жиналған қауымды Олимпиадалық ойындарды ұйымдастырудың негіздерімен таныстырады. Конгресс төрт жыл сайын «түрлі халық өкілдерінің арасында жарыс ойындарын өткізу үшін», ежелгі грекиялық олимпиада ойындарын жандандыру туралы Кубертеннің ұсынысын мақұлдайды. Дәл сол жолы Халықаралық Олимпиадалық комитет құрылып, Бас хатшылығынна Пьер де Кубертен сайланады және 1896 жылы І Олимпиадалық ойындарын Грекияда өткізу туралы шешім қабылданады.

Ал 1967 жылы Халықаралық Олимпиадалық комитет 23 маусымды Халықаралық Олимпиадалық күні деп белгіледі.

Соңғы жаңалықтар