Бүгін Халықаралық сапа күні - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Халықаралық сапа күні

Бүгін Халықаралық сапа күні

Халықаралық сапа күні көптеген елдерде қараша айының екінші бейсенбісінде өткізілетін жыл сайынғы іс-шара.

  • 8 Қараша 2012
  • 470
Фото - Caravan.kz

Бұл күнді белгілеудің бастамашысы БҰҰ-ның қолдауымен Еуропалық сапа ұйымы болып табылады.

Халықаралық сапа күні 1990 жылы бекітілді. Ал алты жыл өткеннен кейін Еуропалық сапа ұйымы қарашаның екінші бейсенбісін Еуропалық сапа апталығы деп жариялады. Халықаралық сапа күнінің мақсаты өнімдер мен қызметтер сапасының жоғары болуына назар аударту. Мәселе адам мен қоршаған орта үшін тауарлардың қауіпсіздігінде ғана емес, сонымен қатар сұраныстар мен тұтынушылар үмітінің қанағаттанушылық деңгейінде болып отыр.

Сапа проблемасы әлемнің жетекші елдерінің экономикасындағы анағұрлым басымдықты проблемалардың бірі. Қазіргі жағдайда сапа кез келген кәсіпорынның, саланың және жалпы алған мемлекеттің табысқа жетуінің кілті болып табылады.

Соңғы жаңалықтар