Бүгін - Халықаралық танго биі күні - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін - Халықаралық танго биі күні

Бүгін - Халықаралық танго биі күні

11 желтоқсан күні аргентиналық әнші және киноактер, атақты «Танго патшасы» Карлос Гарделяның туған күнінде (1887 (немесе 1890) - 1935 жж.) Халықаралық танго биі күні атап өтіледі.

  • 11 Желтоқсан 2012
  • 615
Фото - Caravan.kz

Бұл биде сөйлесуге, күлуге, тіпті, бір-бірінің көзіне қарауға болмайды. Биге дауыстап шақыру тіл тигізумен пара-пар. Мәселен, серіктесіңізді көзбен және ерінді аз ғана қимылдату арқылы шақыра аласыз.

Тангоның пайда болуының көптеген нұсқалары бар. Олардың арасында кең тарағанына сүйенсек, осыған ұқсас би Буэнос-Айрес портты қаласының маңындағы елді мекендерде пайда болды. Онда 19-20 ғасырда әлемнің көптеген мәдени дәстүрлері — кубалық хабанераның, африкандық кандомбаның, аргентиналық мелонгидің, испандық фламенгоның және шетелдік теңізшілер алып келген өзге де еуропалық билердің ритмдері тоғысып, бірбүтінге айналды.

Ал Карлос Гардель Франция тумасы, ерте балалық шағында Аргентинаға көшіп келген. Жастық шағында тангоны қатты ұнатқаны соншалық, көп ұзамай бүтін Аргентинаға танымал болды. Ал еуропаға көшіп барғаннан кейін тангоны Парижге көрсетті, бұдан әрі аталмыш би елдер мен құрлықтарға тарай бастады.

Бұл ретте, айта кету керек, тангоны Германияда және Ресейде билеуге тыйым салынды. Бірақ бұл, бидің үлкен танымалдылығына кері әсерін тигізбеді. 1920-1930 жылдары КСРО-да танго үміт үздіретін, мещандық би болып саналды, дегенмен, танго музыкасы жазылған күйтабақтар қолдан-қолға тарап отырды.