Бүгін - Халықаралық таулар күні - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін - Халықаралық таулар күні

Бүгін - Халықаралық таулар күні

Халықаралық таулар күні 2003 жылы БҰҰ-ның 57-ші Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілді.

  • 11 Желтоқсан 2012
  • 407
Фото - Caravan.kz

2004 жылдан бері «Әлем: таулардың тұрақты дамуының көзі» ұранымен атап өтіледі. Бас Ассамблеяның тиісті Қарарында таулы аймақтардың тұрақты дамуына бағытталған іс-қимылдардың ерекше өзектілігі атап өтілген. Бас Ассамблея таулы аймақтардың тұрақты дамуын насихаттау мақсатында халықаралық қауымдастықты бұл күні барлық деңгейде іс-шаралар ұйымдастыруға шақырды.

Таулар Ғаламшар бетінің төрттен бір бөлігін алып жатыр және халықтардың 10 пайызының баспанасы болып табылады. Бұл көптеген өсімдіктер мен жануарлардың қорығы, Жердің барлық негізгі көлдерінің су көзі.