Бүгін - Халықаралық толеранттылық күні (төзімділік) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін - Халықаралық толеранттылық күні (төзімділік)

Бүгін - Халықаралық толеранттылық күні (төзімділік)

Бұл күн салтанатты түрде ЮНЕСКО-ның «Төзімділік қағидаттарының декларациясында» жария етілді.

  • 16 Қараша 2012
  • 1639
Фото - Caravan.kz

Декларация 1995 жылы ЮНЕСКО-ның 28-ші Бас конференциясында (5.61 қарары) бекітілді.

Декларацияда төзімділік (толеранттылық) «біздің әлеміміздің аса бай көптүрлі мәдениетіне, өз-өзін таныту формаларына және адамның жеке даралығын көрсету әдістеріне құрметпен қарау, қабылдау және дұрыс түсіну» мағынасында көрсетілді. Декларацияға сәйкес, «адамдар табиғатынан сыртқы келбеттерімен, беделімен, сөйлеу мәдениетімен, тәртібімен, құндылықтарымен ерекшеленеді және бейбітшілікте өмір сүру, өзінің даралығын сақтап қалу құқығына ие».

1996 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мүше-мемлекеттерге жыл сайын 16 қараша күні Халықаралық төзімділік күнін атап өтуді ұсынды.

Соңғы жылдары бүтін әлем бойынша төзімсіздік, экстремизм және зорлық-зомбылық оқиғаларының күрт өскені байқалды. Бұл қауіп тудыратын үрдіс пікірлер мен қызығушылықтар тұрғысынан емес, адамдардың өзіндік ерекшелігі тұрғысынан туындап отыр.

Нәтижесінде жекелеген адамдар және бүтін қауымдар өздерінің этникалық, діни, ұлттық немесе өзге де өзіндік ерекшеліктеріне байланысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің нысаны болып келеді. Қате түсініктен болатын мұндай қауіптерге, мейлі олар кең ауқымды геноцид немесе күнделікті кемсітушілік болсын, әрбір адам оған қорқынышпен қарауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар