Бүгін Халықаралық үнемдеу күні - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Халықаралық үнемдеу күні

Бүгін Халықаралық үнемдеу күні

1988 жылдың 27 қазаны күні 29 елдің жинақ кассаларының өкілдері Миланда өздерінің Бірінші халықаралық арнайы конгрестеріне жиналды.

  • 31 Қазан 2012
  • 389
Фото - Caravan.kz

Конгресс жұмысының соңғы күні — 31 қазанда «барлық елдердегі жинақтау банктері институттарының бірінші құрылтайын есте қалдыру» идеясы өмірге келіп, бұл күнді «Халықаралық үнемдеу күні» (International Saving Day) ретінде жыл сайын атап өту шешімі қабылданды.

Бірақ бұл күнді құрылтайшылардың идеясы бойынша, ақшаны үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар уақыт пен күш-жігерді үнемдеуге, заттарға ұқыпты қарауға және осы сынды өзге де тақырыптарға арнау керек.

1989 жылы БҰҰ-ның нұсқауымен Халықаралық үнемдеу күні ресми түрде бекітілді.

Бүгін көптеген елде Халықаралық үнемдеу күні ұмыт қалды, себебі оның датасы 31 қазан күні атап өтілетін Хеллоуинмен сәйкес келеді.

Халықаралық үнемдеу күні бұл дата мерекелік болып табылмайтын әлем елдерінде жыл сайын 31 қазан күні атап өтіледі. Себебі бұл күнді бекітудегі идея — барлық банктер ашық болып, халыққа сақталған ақшаларын өздерінің шоттарына аудару мүмкіндігін беру болатын. Мысалға Германияда Халықаралық үнемдеу күні 31 қазанның алдындағы жұмыс күнінің соңғы күні атап өтіледі. Себебі 31 қазан кейбір облыстарда мереке — Реформация күні болып табылады.