Бүгін - Халықаралық зағиптар күні - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін - Халықаралық зағиптар күні

Бүгін - Халықаралық зағиптар күні

1745 жылдың 13 қарашасы күні Францияда Парижде және Петербургте зағиптарға арналған бірнеше мектептің негізін қалаған танымал педагог - Валентин Гаюи дүниеге келді.

  • 13 Қараша 2012
  • 594
Фото - Caravan.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен нақты осы дата Халықаралық зағиптар күнін белгілеуге негіз болды.

18 ғасырға дейін әлем зағиптарға арналған мекемелерді білмеді. В.Гаюи алғаш рет өзі ойлап тапқан шрифт бойынша көз жанарынан айырылғандарды оқытудың әдісін ұсынды. 1784 жылы Парижде үкімет пен қайырымдылық қоғамдардың еш қолдауынсыз ол жеке қаражатына өзінің үйінде зағип балаларға арналған әлемдегі алғашқы мектепті ашты. В.Гаюидің тұңғыш оқушысы жетім бала Франсуа де Лезюер болды. Одан кейін мектепке онымен тағдырлас тағы 11 бала қабылданды.

Валентин Гаюи соқыр балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ғылыми жолға қойды. Ол бедерлі-ұзындықты «унциал» шрифтін ойлап тапты. Олар қатты қағазға бедерленіп түсірілген, бір пішінді ірі әріптер болды. Шрифт жылжымалы болды және ол балаларға қажетті тексттердің мәтінін жасап шығаруға мүмкіндік берді. Зағиптарға арналған кітапты шығару идеясы сондай-ақ Валентин Гаюиға тиесілі.

1803 жылы В.Гаюи Ресей императоры І Александрдан Санкт-Петерборда зағиптарға арналған оқыту-тәрбиелеу мекемесін ашу ұсынысын алды. 1807 жылы І Александр зағиптарға арналған Санкт-Петербор институтының жарғысын, штаты мен бюджетін бекітті.

Бүгін әлемде көзі көрмейтін шамамен 124 миллион адам бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, 2020 жылға қарай олардың саны екі есеге артады.

Соңғы жаңалықтар