Жарияланды: 330

Бүгін - Көшіп-қонушылардың халықаралық күні

1990 жылдың 18 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы еңбек етуші барлық мигранттар мен олардың отбасыларының мүшелерін қорғау туралы халықаралық конвенцияны қабылдады.

Ал 2000 жылдың 4 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы Көшіп-қонушылардың халықаралық күнін бекітті. Ол жыл сайын 18 желтоқсан күні атап өтіледі. Мигранттардың халықаралық күні көптеген елдерде, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдарда адамның құқықтары және мигранттардың негізгі бостандықтары туралы ақпараттарды тарату арқылы, сондай-ақ түрлі акциялар мен көшіп-қонушылардың құқықтары туралы заңдарды түсіндіруге бағытталған семинарларды өткізу арқылы атап өтіледі. Сарапшылардың бағалауына сәйкес, Ғаламшардың әрбір отыз бесінші тұрғыны өз елінен тыс тұратын және еңбек ететін мигрант болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін