Ал 2000 жылдың 4 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы Көшіп-қонушылардың халықаралық күнін бекітті. Ол жыл сайын 18 желтоқсан күні атап өтіледі.
Мигранттардың халықаралық күні көптеген елдерде, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдарда адамның құқықтары және мигранттардың негізгі бостандықтары туралы ақпараттарды тарату арқылы, сондай-ақ түрлі акциялар мен көшіп-қонушылардың құқықтары туралы заңдарды түсіндіруге бағытталған семинарларды өткізу арқылы атап өтіледі.
Сарапшылардың бағалауына сәйкес, Ғаламшардың әрбір отыз бесінші тұрғыны өз елінен тыс тұратын және еңбек ететін мигрант болып табылады.