Бүгін - КСРО әлем тарихындағы ең қуатты бомбаны жарған күн - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін - КСРО әлем тарихындағы ең қуатты бомбаны жарған күн

Бүгін - КСРО әлем тарихындағы ең қуатты бомбаны жарған күн

51 жыл бұрын (1961) дәл осы күні КСРО әлем тарихындағы

  • 30 Қазан 2012
  • 773
Фото - Caravan.kz

ең қуатты бомбаның жарылысын жасады: 58 мегатондық сутек бомбасы («Царь-бомба») Жаңа Зеландия аралындағы полигонда жарылды. Сол кезде Никита Хрущев алғашында 100 мегатондық бомбаны жару көзделгенін, бірақ кейін Мәскеудегі барлық терезелер сынып кетпес үшін қуат көлемі азайтылғанын айтып, қалжыңдаған болатын.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі алғашқы жылдары АҚШ әлемдегі жалғыз «ядролық мемлекет» болды. Алғаш рет ядролық қару «Манхэттен» жобасы барысында АҚШ-та жасап шығарылды.

Айта кетейік, КСРО-ның ыдырауы алдында Қазақстанда 1040 ұрыс зарядты 104 «РС-20» ракетасы (НАТО классификациясы бойынша — «СС-18») болды. Әлемдегі ең ауыр құрлықаралық баллистикалық ракета (әрқайсысының қуаттылығы 550 кт-дан тұратын 10 ядролық оқтұмсық) Державинка (қазіргі Ақмола облысы) мен Жаңғызтөбедегі (ШығысҚазақстан) екі базада орналасты. Семейдің түбіндегі аэродромда 240 қанатты ядролық ракетасы бар 40 ТУ-95 МС стратегиялық бомбалаушы ұшақ орналасты. Қазақстанда қуатты ядролық ғылыми-өндірістік кешен құрылып, жұмыс істеді. Елімізде КСРО-дағы барлық уранның 40%-ы өндірілді.

КСРО-дағы ядролық қаруды сынаудың барлық түрлері негізінен Семей полигонында өтті (500 ядролық сынақ жасалды). Ол Қазақстанның солтүстік-шығыс және орталық аудандарына орасан зор экологиялық апат әкелді. Сондықтан Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін полигонды жауып, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалды.

Дата Атауы Қуаты (килотонна) Мемлекет Маңызы
1945 жылдың 16 шілдесі Тринити 19 АҚШ Алғашқы атом жарылысы
1945 жылдың 6 тамызы Малыш 11 АҚШ Хиросиманы бомбалау
1945 жылдың 9 тамызы Толстяк 21 АҚШ Нагасакині бомбалау
1949 жылдың 29 тамызы РДС-1 22 КСРО КСРО-дағы алғашқы атом жарылысы
1952 жылдың 3 қазаны Ураган 25 Ұлыбритания Ұлыбританиядағы алғашқы атом жарылысы
1952 жылдың 1 қарашасы Иви Майк 3100 АҚШ Термоядролық құрылғының алғашқы тәжірибелі жарылысы
1953 жылдың 12 тамызы РДС-6с 100 КСРО Жауынгерлік термоядролық құрылғының алғашқы жарылысы
1954 жылдың 1 наурызы Касл Браво 15 000 АҚШ АҚШ-тағы ең қуатты жарылыс
1957 жылдың 8 қарашасы Схватка Х 1800 Ұлябритания Ұлыбританиядағы алғашқы термоядролық жарылыс
1960 жылдың 13 ақпаны Голубой пушканчик 60 Франция Франциядағы алғашқы атом жарылысы
1961 жылдың 31 қазаны Царь-бомба ~57 00 КСРО Тарихтағы ең қуатты термоядролық бомбаның жарылысы
1964 жылдың 16 қазаны 596 22 ҚХР Қытайдағы алғашқы атом жарылысы
1967 жылдың 17 маусымы Тест 6 3300 ҚХР Қытайдағы алғашқы термоядролық жарылыс
1968 жылдың 24 тамызы Канопус 2600 Франция Франциядағы алғашқы термоядролық жарылыс
1974 жылдың 18 мамыры Улыбающийся Будда 12 Үндістан Үндістандағы алғашқы атом жарылысы
1998 жылдың 28 мамыры Чаган-І ~9 Пәкістан Пәкістандағы алғашқы атом жарылысы
2006 жылдың 9 қазаны Квандай-ри 15-20 КХДР Солтүстік Кореядағы алғашқы атом жарылысы

Соңғы жаңалықтар